Біз туралы
AIMVI продюсерлік орталығы – бұл баламасы жоқ, бірегей музыкалық этно-рок жобалар, сондай-ақ жобалар бойынша видео және аудио контентті толық циклде өндіру.
AIMVI продюсерлік орталығы 2014 жылы Нұржан Тойшы тарапынан Aldaspan тобының (www.aldaspan.com) жобасы сәтті жүзеге асқаннан кейін құрылды.
Орталықтың қолдауымен www.sharapat.com, www.aldaspan.com, www.baidana.com жобалары дүниеге келді, сондай-ақ біз белгілі бір кезеңде «Қазақстан Дауысы» байқауының жеңімпазы, әнші Шахаризат Сейдахметпен жұмыс істедік.
Орталықтың негізгі бағыты — халықтық музыкалық аспаптарды электрлендіру, оларды үш дыбыстық диапазонда (төмен, орта және жоғары жиіліктер) жасап шығару және осы аспаптар негізінде музыкалық топтар құру.
Сонымен қатар пьезоэлементтерді қолдана отырып, акустикалық халық аспаптарымен де жұмыс жүргіземіз.
Біздің мақсатымыз — аймағымыздың (Орталық Азия) халықтық мұрасынан бүгінгі күнге дейін жеткен құндылықтарды заманауи дыбыста қайта жаңғырту.
Сонымен бірге орталық этникалық бағыттан тыс заманауи жобалармен де жұмыс істейді.
